Геморрой деген не?
Бұл — геморроидальды түйіндердің патологиялық ұлғаюымен және өзгеруімен байланысты ауру. Мұндай тамырлы түзілістер әр адамда бар — олар тік ішектің төменгі бөлігінде, бір бөлігі анал өзектің ішінде, екінші бөлігі сыртында, анал тесіктің жанында орналасқан.
Осы аймақтағы тамырлардың жұмысы бұзылған кезде, жергілікті қабыну пайда болып, түйіндер ұлғаяды және геморройдың симптомдары дамиды. Бұл жағдай қышумен, ашып ауырумен, жайсыздықпен, қан бөлінуімен, ауырсынумен, түйіндердің түсіп кетуімен қатар жүруі мүмкін.
Геморройдың белгілері мен симптомдары
Геморройдың белгілері өзгерген түйіндердің орналасқан жеріне және аурудың қаншалықты айқын білінетініне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ықтимал көріністері:
- анал тесігінің маңайындағы жайсыздық, қышу немесе ашып ауыру;
- қысым, ауырлық немесе бөгде нәрсе болғандай сезіну;
- дәрет шығару кезінде немесе одан кейін ауырсыну;
- дәретхана қағазында, нәжісте немесе унитазда қан іздерінің болуы;
- тығыздалған жерлердің пайда болуы немесе геморроидальды түйіндердің ұлғаюы;
- ішкі түйіндердің түсіп кетуі;
- ішектің толық босамағанын сезіну;
- шырыштың бөлінуі, анал тесігі айналасындағы терінің тітіркенуі.
Ауырсыну
Қан кету
Жану
Қышу
Жайсыздық
Шығатын түйіндер
Геморрой симптомдары басқа жағдайларда да байқалуы мүмкін екенін естен шығармаңыз: анал жарықшағы, ішектің қабыну аурулары, инфекциялар, полиптер, жаңа өскіндер. Сол себептен өзіңізге өз бетіңізше диагноз қоюға болмайды — оны тексеруден кейін дәрігер ғана қоюы керек.
Геморройдың алғашқы белгілері
Көбіне қатты білінбейді, тек анда-санда ғана пайда болады. Адамды мезгіл-мезгіл қышу, ауырлық сезімі, ішекті босатқаннан кейінгі шамалы жайсыздық немесе дәретхана қағазындағы қан іздері мазалауы мүмкін. Кейде адам оны уақытша тітіркену ретінде қабылдап, маманға хабарласуды кейінге қалдырады. Бұл ретте геморройдың бастапқы сатысы осы процесті әлі де минималды араласумен қолға алуға болатын кезең болып табылады.
Геморрой неліктен пайда болады?
Геморройдың себептері аноректалды аймақтағы көктамырларға түсетін қысымның артуымен және қалыпты қан айналымының бұзылуымен байланысты. Қанның ағып өтуі қиындаған кезде, қантамырлар қанға толып, олардың қабырғалары созылады, осылайша геморроидальды түйін қалыптасады.
Геморрой дамуының негізгі факторлары
Аз қозғалатын өмір салты
Шамадан тыс физикалық белсенділік
Дұрыс тамақтанбау
Жүктілік және босану
- аз қимылды өмір салты, ұзақ уақыт отыру;
- созылмалы іш қату, үлкен дәрет шығару кезінде күшену;
- төмен физикалық белсенділік;
- артық салмақ;
- жүктілік, босану;
- тамақтанудағы ерекшеліктер (жасұнықтың аз, ащы және тазартылған өнімдердің көп болуы);
- ауыр физикалық жүктемелер, салмақ көтеру;
- жасқа байланысты өзгерістер;
- тұқым қуалайтын бейімділік.
Бұл факторлардың ешқайсысы геморройдың міндетті түрде дамитынын білдірмейді. Бірақ олардың әрқайсысы қауіп-қатерді арттырып, аурудың дамуына ықпал етуі мүмкін.
Геморрой қалай дамиды?
Аурудың дамуы біртіндеп жүруі мүмкін. Алғашында симптомдар тек анда-санда, мысалы, іш қатудан, күшенуден немесе айтарлықтай физикалық жүктемеден кейін пайда болады. Кейін жағымсыз сезімдер жиілеп, тамырлы түзілістер ұлғаяды және орнынан ығысады. Геморройдың дамуы жалғасқан сайын қышу мен жайсыздық сезімі күшейіп, қанды бөлінділер пайда болуы және ішкі түйіндер түсіп кетуі мүмкін.
Геморройдың өршуі
Ауру өршіген кезде, оның симптомдары жиірек пайда болып, айқынырақ білінуі мүмкін. Геморроидальды түйіндер ұлғайып, тек дәрет шығару кезінде ғана емес, физикалық жүктеме кезінде де түсіп кетеді. Жайсыздық, қышу, қанағыштық және ауырсыну күшейеді.
Аурудың әрі қарай өршуі қабыну, түсіп кеткен түйіннің қысылуы немесе оның ішінде тромбтың пайда болуы сияқты асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін. Бұл ретте аурудың өршу дәрежесін өз бетіңізше анықтау мүмкін емес, себебі жеке симптомдардың жиілігі немесе қарқыны тікелей аурудың сатысын көрсете бермейді.
Геморройдың сатылары
Бұл аурудың төрт сатысы бар — олар сондай-ақ геморройдың дәрежелері деп те аталады. Бір сатыдан екіншісіне өту әдетте симптомдардың күшеюімен және түйіндердің өзгеруімен байланысты.
1-сатыдағы геморрой
Ішкі түйіндер ұлғайған, бірақ анал өзектен түсіп кетпейді. Симптомдар жоқ болуы немесе қатты білінбеуі мүмкін. Жайсыздық, қышу және дәрет шығару кезінде немесе одан кейін мезгіл-мезгіл қанды бөлінділер болуы мүмкін.
2-сатыдағы геморрой
Дәрет шығару немесе күшену кезінде ішкі түйіндер түсіп кетіп, кейін анал өзектің ішіне өздігінен қайта оралуы мүмкін. Жайсыздық пен қанағыштық айқынырақ білінеді, кейде қышу, шырышты бөлінділер пайда болады немесе ішектің толық босамағаны сезіледі.
3-сатыдағы геморрой
Ішкі түйіндер дәрет шығару, физикалық жүктеме немесе құрсақ ішіндегі қысым көтерілетін басқа да жағдайларда түсіп кетеді және енді өздігінен ішке қайта оралмайды. Оларды қолмен орнына салуға болады, алайда дәрігердің ұсынысынсыз олай істемеу керек. Симптомдар айқынырақ біліне бастайды: қан ағу, тітіркену, шырышты бөлінділер және ауырсыну пайда болуы мүмкін.
4-сатыдағы геморрой
Түсіп кеткен ішкі түйіндер үнемі сыртта тұрады және әдетте орнына салынбайды. Ауру қан ағуымен, шырыштың бөлінуімен, терінің тітіркенуімен, ауырсынумен және басқа да айқын шағымдармен қатар жүреді.
Әйелдердегі геморрой
Жалпы алғанда, негізгі себептері мен симптомдары аурудың ортақ көріністерімен бірдей. Қосымша факторлар ретінде жүктілік пен босануды келтіруге болады: ұлғайып келе жатқан жатыр құрсақ қуысындағы қысымды көтеріп, түйіндерге қанның келуін күшейтеді. Іш қату, аз қимылдау және жүктеменің артуы да аурудың дамуына ықпал етуі мүмкін. Бұл ретте аурудың сатысы пациенттің жынысына емес, жағдайына қарай анықталады. Маңызды: геморрой жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейін міндетті түрде пайда бола бермейді.
Ерлердегі геморрой
Әйелдердегімен бірдей өтеді — симптомдары мен ағымында түбегейлі айырмашылық жоқ. Ерекшелігі басқада: ерлер дәрігерге баруды жиірек кейінге қалдырады, ұялады немесе өзі жазылып кетеді деп үміттенеді. Сол себептен диагностика көбіне кеш, ауру үдеп кеткен кезде жүргізіледі.
Геморройдың қабынуы
Бұл жағдай ауырсынудың күшеюімен, айқын жайсыздықпен, ісінумен және тіндердің тітіркенуімен қатар жүруі мүмкін. Шағымдар кейде кенеттен, мысалы, сыртқы түйін тромбозында немесе түсіп кеткен ішкі түйін қысылған кезде пайда болады.
Кенет қатты ауырсыну пайда болған, ісіну үдей түскен, мол қан аққан, дене температурасы көтерілген немесе жалпы жағдай нашарлаған кезде медициналық көмекке жүгіну қажет. Түйінді өз бетіңізше тесу, күшпен орнына салу немесе дәрі-дәрмекпен емдеуді бастау қауіпті.
Дәрігерге қашан жүгіну қажет?
Дәрігерге төмендегі жағдайларда жазылуыңыз керек:
- тік ішектен қан аққан;
- қатты немесе күшейе түскен ауырсыну пайда болған;
- анал тесігінің маңайында тығыздалған жерлер немесе түйіндер пайда болған;
- симптомдар үнемі қайталанатын немесе күшейе түскен;
- қышу мен жайсыздық ұзақ уақыт сақталған;
- ішкі түйіндер түсіп кеткен;
- жаңа немесе әдеттен тыс симптомдар пайда болған жағдайда.
Мол немесе тоқтамайтын қан ағу, қатты ауырсыну, әлсіздік, бас айналу, дене температурасының көтерілуі, іштің ауыруы, қара нәжіс немесе жағдайдың күрт нашарлауы кезінде шұғыл медициналық көмек қажет.
Геморрой белгілері пайда болғанда не істеу керек?
Егер өзіңізде қатерлі симптомдарды байқасаңыз:
- аурудың сатысын өз бетіңізше анықтауға әрекет жасамаңыз;
- дәрігерге (колопроктолог, проктолог, хирург немесе басқа маманға) баруды кейінге қалдырмаңыз;
- тексеруден өтіңіз;
- кеңес алмай дәрі-дәрмекпен емдеуді бастамаңыз;
- есіңізде болсын: бұдан әрі ұстанатын тактика аурудың түріне, сатысына және симптомдардың айқындығына байланысты болады.
Ықтимал тәсілдер туралы толығырақ мәліметті «Геморройды емдеу» бетінен қараңыз.
Симптомдар болған жағдайда емдеу мәселелері бойынша дәрігермен кеңесу қажет
Геморройдың даму және өршу қаупін азайтуға болады ма?
Аурудың пайда болу ықтималдығын толық жою мүмкін емес, бірақ өмір салтына біршама өзгеріс енгізу арқылы жеке қауіп факторларының әсерін азайтуға болады:
- жеткілікті физикалық белсенділік,
- іш қатудың алдын алу,
- үзіліссіз отыру уақытын қысқарту,
- ұзақ күшенуден бас тарту,
- физикалық жүктемелерді орынды түрде үлестіру.
Толық ұсынымдар «Геморройдың алдын алу» бетінде берілген.
Өмір салты бойынша ұсыныстар
Көбірек су ішіңіз
Тар киім киюден аулақ болыңыз
Спортпен шұғылданыңыз
Пресс бұлшықеттерін күшейтетін гимнастика жасаңыз (жылдам жүру, жүзу)
Салмақты көтеруден аулақ болыңыз
Дұрыс тамақтану
Талшыққа бай диетаны ұстаныңыз
Диета
Дәмдеуіштер, кофе, шай және іш қатуды тудыратын тағамдарды (күріш, макарон, картоп, ақ нан) тұтынуды азайтыңыз
Графикті ұстаныңыз
Күн сайын бір уақытта ішектеріңізді босатыңыз
Дұрыс тамақтану
Дәретханаға аз уақыт жұмсауға тырысыңыз
Геморрой кезіндегі тамақтану
Тамақтану рационы ішектің жұмысына және нәжістің консистенциясына әсер етеді. Тағамдық талшықтар мен сұйықтықтың жетіспеуі іш қатуға ықпал етуі мүмкін, ал тығыз нәжіс пен күшену аноректалды аймақтағы тамырлы түзілістерге түсетін жүктемені арттыруы мүмкін.
Дегенмен, әмбебап «геморройға қарсы диета» жоқ: рационды денсаулық жағдайын және маманның ұсынымдарын ескере отырып таңдау керек. Өнімдер, сұйықтық ішу режимі және рационды ұйымдастыру туралы толығырақ мәліметті «Геморрой кезіндегі тамақтану» бетінен қараңыз.
Ұсынылады
Сұйықтықтың жеткілікті мөлшері
(күніне бірнеше стакан су, жеміс,
көкөніс шырындары)
Буға пісірілген, пісірілген немесе қайнатылған
Ірі тартылған ұннан, бидай кебегінен жасалған нан
Котлет, суфле, фрикаделька түріндегі еттің, құстың, балықтың майсыз сорттары (бұзау, тауық, қоян еті, күркетауық, хек, мұзды, мерлуза, треска, камбала, теңіз алабұғасы)
Ұсынылмайды
Майы жоғары тағамдар (жұмыртқа,
майлы ет және балық), күшті
майлы сорпалар
Тазартылған тағамдар,
ащы дәмдеуіштер, тез
дайындалатын тағамдар
Төмен талшықты тағамдар (күріш,
макарон, картоп, акқ нан))
Ішектің тітіркенуін тудыруы
мүмкін сусындар (алкоголь, кофе)
Жиі қойылатын сұрақтар
Қарапайым тілмен айтқанда, геморрой деген не?
Бұл — тік ішектің төменгі бөлігіндегі тамырлы түзілістердің ұлғаюы. Ол жағымсыз симптомдардан білінеді: қышу, жайсыздық, ауырсыну, қан ағуы, түйіндердің түсіп кетуі.
Геморрой неден пайда болады?
Аурудың дамуына іш қату, күшену, ұзақ отыру, аз қимылдау, жүктілік, босану, ауыр заттарды көтеру, жасқа байланысты өзгерістер және тұқым қуалайтын бейімділік ықпал етуі мүмкін. Әдетте ауруды бір ғана себеппен байланыстыруға болмайды.
Өзіңде геморрой бар екенін қалай білуге болады?
Сезімдерге немесе сыртқы көрініске қарап нақты диагноз қою мүмкін емес. Ол үшін дәрігерге қаралу және көрсетілімдер болған жағдайда қосымша зерттеу жүргізу қажет.
Геморрой сатыларының айырмашылығы неде?
Негізгі айырмашылығы түйіндердің жағдайында: 1 — түсіп кетпейді; 2 — дәрет шығару кезінде түсіп кетуі мүмкін, бірақ өздігінен қайта кіреді; 3 — көмексіз қайта оралмайды; 4 — үнемі сыртта тұрады және әдетте орнына салынбайды.
Геморрой қалай емделеді?
Тактика әрдайым жеке түрде таңдалады: ол аурудың түрі мен сатысына, симптомдардың айқындығына және тексеру нәтижелеріне байланысты. Кейбір жағдайларда өмір салты мен тамақтануды түзету жеткілікті болса, басқа жағдайларда жергілікті қолданылатын дәрілер мен көктамырлардың тонусын арттыратын препараттарды, мысалы, Детралекс® қосу қажет болады. Белгілі бір көрсетілімдер бар болған жағдайда дәрігер аз инвазиялық процедураларды немесе хирургиялық араласуды ұсынуы мүмкін.
Сайттағы ақпарат дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, маманнан кеңес алыңыз.