Қайдан сатып алуға болады
Бір қадамға алда болу

Өкінішке орай, біздің көпшілігіміз ауырсыну, аяғымыздағы ауырлық, ісіну варикоздың алғашқы белгілері болуы мүмкін екенін білмейміз. Алматы қаласындағы Angiomed клиникасының басшысы, дәрігерлік өтілі 30 жылдан асатын флеболог Бурумкулов Ерік Ракишевич бұл жағдайдың қауіптілігі туралы айтып береді.

Толық оқу

Варикоз деген не?

Варикоз немесе тамырлардың варикозды кеңеюі — аяқтан жүрекке қарай қанның қалыпты ағып шығуы бұзылатын, көктамырлардың созылмалы үдемелі ауруы. Сау көктамырларда бұған қақпақшалар көмектеседі: олар қанды жоғары қарай өткізіп, ауырлық күшінің әсерінен іркілуіне жол бермейді.

Қауіп факторларының әсерінен веналық қабырғалар тонусын жоғалтады, созылады және олардың жүктемеге төзімділігі төмендейді. Соның салдарынан көктамырлардың ішіндегі қақпақшалар тығыз жабылмай қалады, қанның бір бөлігі аяқта іркіліп, тамырларға түсетін қысымды арттырады және ісінуге ықпал етеді. Өзгерістер қалыптасып қойған болса, олар әдетте өздігінен жойылмайды: процесс орнығып, біртіндеп үдейді.

Уақыт өте келе көктамырлар кеңейіп, ирелеңдейді, томпайып, тері астынан көріне бастайды. Варикоздың нені білдіретіні туралы айтқанда, сөз жай ғана көзге көрінетін өзгерістер туралы емес, бүкіл көктамыр жүйесінің жұмысындағы бұзылыс туралы болып отыр. Алғашқы симптомдар айқын тамырлық торлар мен шығыңқы көктамырлар пайда болғанға дейін-ақ байқалуы мүмкін, сондықтан аяқтың ауырлығын, ауырсынуын немесе кешке қарай ісінуін елеусіз қалдыруға болмайды.

Аяқтағы варикоз

Тамырдың варикозды кеңеюі туралы айтқанда, көбіне аяқтағы варикозды меңзейді. Ол жиі кездеседі, өйткені жүру, тұру немесе ұзақ отыру кезінде күн сайын жоғары жүктеме дәл аяққа түседі. Аяқтағы варикоз әртүрлі аймақтарды — балтырды, санды, тізе астын қамтуы мүмкін, сондықтан көктамырлардың сыртқы көрінісі мен жайсыздықтың айқындылығы әр адамда әртүрлі болады.

Варикоздың кезеңдері

Аурудың ауырлық дәрежесін бағалау үшін дәрігерлер бірнеше клиникалық сатыны қамтитын жіктеуді қолданады. Мынаны түсіну маңызды: сатыны қарап-тексеру мен диагностика негізінде тек маман ғана нақты анықтай алады.

Симтомдар

Варикоз жоқ

Төмен аяқ-қолдары клапанадары зақымдануның жоқтығы.

Алғашқы симптомдар

Күн соңында аяқтың ауырсынуы, ауырлық және ісіну.

Клиникалық сипаттар

Кезең 1

Тамырлық торлар мен телеангиэктазиялар — көзге көрінетін, тері ішіндегі ұсақ кеңейген тамырлар пайда болады.

Кезең 2

Кеңейген теріасты көктамырлары көріне бастайды — олар ирелеңдеген, тері бетінен шығыңқы, көбіне түйінді жуандау жерлері бар болады.

Кезең 3

Аяқтың түнгі демалыстан кейін де қайтпайтын тұрақты ісінуі қосылады.

Кезең 4

Теріде трофикалық өзгерістер пайда болады: тобық маңындағы терінің құрғауы, қараюы, қабыршақтануы, дерматит немесе тіндердің тығыздалуы.

Кезең 5

Терінің айқын өзгерістері мен созылмалы веналық жеткіліксіздік аясындағы жазылып кеткен трофикалық ойық жараның болуымен сипатталады.

Кезең 6

Ең ауыр түрі — міндетті түрде медициналық бақылау мен емдеуді қажет ететін ашық, белсенді трофикалық ойық жара.

Варикоз неліктен пайда болады?

Көбіне варикоздың дамуының бір ғана негізгі себебін атау мүмкін емес, өйткені ауру бірнеше жағдайдың үйлесуінен туындайды. Алайда қауіпті арттыратын факторлар бар:

Тәуекелдің факторлары

Жүріс-тұрысы аз өмір салты

Тұқым қуалаушылыққа бейімділік

Жүктілік және гормондық өзгерістер

Артық салмақ

  • Тұқым қуалайтын бейімділік. Жақын туыстарда варикоз болған болса, тамыр қабырғасының генетикалық тұрғыдан негізделген әлсіздігіне байланысты оның пайда болу ықтималдығы жоғары болады.
  • Ұзақ уақыт тұру немесе отыру. Үнемі бір қалыпта тұрумен немесе отырумен байланысты кәсіптер (сатушылар, шаштараздар, кеңсе қызметкерлері, жүргізушілер) веналық қанның ағып шығуын нашарлатады.
  • Аз қимылды өмір салты. Адам аз қимылдаған кезде балтыр бұлшықеттері әлсізірек жұмыс істеп, көктамырлардың қанды жоғары, жүрекке қарай айдауына нашар көмектеседі.
  • Артық салмақ. Артық дене салмағы аяқтың бүкіл тамыр жүйесіне түсетін жүктемені арттырады.
  • Жүктілік және гормондық өзгерістер. Гормондар деңгейінің ауытқуы веналық қабырғаның тонусын төмендетуі, ал ұлғайып келе жатқан жатыр аяқтардан қанның ағып шығуын қиындатуы мүмкін.
  • Жасқа байланысты өзгерістер. Уақыт өте келе веналық қабырғалар мен қақпақшалардың серпімділігі нашарлап, жүктемені көтеру қабілеті төмендейді.

Мұндай факторлар өздігінен әрдайым ауруға әкеле бермейді, бірақ көктамыр жүйесіне түсетін жүктемені арттырып, қанның ағып шығуының бұзылуына жағдай жасайды.

Варикоз қалай дамиды?

Варикоз біртіндеп дамиды. Бастапқы сатыларда адамды көбіне аяқтың ауырсынуы, ауырлығы немесе кешке қарай аздап ісінуі мазалайды. Көпшілік бұл сезімдерді кәдімгі шаршаумен байланыстырады.

Бастапқыда сыртқы өзгерістер байқалмай дерлік жүруі мүмкін: кейде тамырлық жұлдызшалар, кейде кеңейген жеке көктамырлар пайда болады. Кейін олар айқынырақ көрініп, ирелеңдеп, түйінделе түседі.

Варикоздың дамуына әкелетін себептер көзге көрінетін өзгерістер пайда болғанға дейін жылдар бойы әсер етуі мүмкін. Сондықтан көктамырлардың сыртқы көрінісіне ғана емес, аяқтың жалпы жай-күйіне де назар аударып, маманға уақтылы қаралу маңызды.

Әйелдердегі варикоз

Әйелдерде варикоз ерлерге қарағанда жиі анықталады. Бұл аяққа түсетін жүктемеге немесе тұқым қуалаушылыққа ғана емес, гормондық факторларға да байланысты. Әйел гормондары көктамыр қабырғасының тонусына әсер етуі мүмкін: соның салдарынан тамырлар созылуға және жоғары қысымға осал бола түседі.

Веналық бұзылыстардың пайда болу немесе күшею қаупі жүктілік кезінде, босанғаннан кейін, менопауза кезеңінде, сондай-ақ жас ұлғайған сайын артуы мүмкін. Осы кезеңдерде көктамыр жүйесіне жиі қосымша жүктеме түседі, сондықтан көктамырларда көзге көрінетін өзгерістер немесе аяқта жайсыздық пайда болса, маманға қаралған дұрыс.

Ерлердегі варикоз

Ерлердегі варикоздың сатылары әйелдердегідей медициналық қағидаттар бойынша бағаланады. Айырмашылық жіктеуде емес, адамның консультацияға қаншалықты тез келетінінде. Осы тұрғыдан алғанда, ерлер ауру симптомдарын дене еңбегінен кейінгі шаршаумен байланыстырып, оларды ұзағырақ елемеуге бейім. Сондықтан олар көбіне көктамырлар айқынырақ көрініп, жағымсыз сезімдер күнделікті белсенділікке кедергі келтіре бастағанда ғана маманға қаралады.

Жүктілік кезіндегі варикоз

Жүктілік кезінде әйелдің көктамыр жүйесіне түсетін жүктеме артады: қан көлемі өзгереді, жамбас пен аяқ тамырларына түсетін қысым жоғарылайды, гормондық факторлар әсер етеді. Осы кезеңде варикоз бұрын тамырларға қатысты мәселелерге тап болмаған әйелдерде де пайда болуы мүмкін.

Есте сақтау маңызды: жүктілік және бала емізу кезінде препараттарды қабылдау немесе компрессиялық бұйымдарды пайдалану туралы кез келген шешім маманның тікелей қабылдауында кеңес алғаннан кейін ғана қабылдануы тиіс. Интернеттен оқыған ақпараттың негізінде өзіңізге дәрілік заттарды өз бетіңізше тағайындауға болмайды. Осы кезеңде аяққа түсетін жүктемені азайтуға көмектесетін жалпы шараларды «Варикоздың профилактикасы» бетінен табуға болады.

Варикоздың үдеу қаупін қалай азайтуға болады?

Диагноз қойылған болса, пациент аурудың дамуын баяулата алады. Арнайы профилактикаға үңілмей-ақ, негізгі ұсынымдарды бөліп көрсетуге болады.

  • Бір орында ұзақ тұрмауға тырысып, күні бойы көбірек қимылдаңыз.
  • Егер жұмысты отырып істейтін болсаңыз, жүріп қайту немесе жеңіл жаттығу жасау үшін мезгіл-мезгіл үзіліс жасап тұрыңыз.
  • Тамырларға түсетін жүктемені азайту үшін дене салмағын бақылаңыз.
  • Жүктілік кезінде немесе тамырлардың тұқым қуалайтын әлсіздігі болған жағдайда көктамырларды қолдау шараларын дәрігермен талқылаңыз.

Толық ұсынымдар «Варикоздың профилактикасы» бетінде жинақталған.

Варикоз белгілері пайда болғанда не істеу керек?

Алғашқы белгілер пайда болған кезде өз бетіңізше диагноз қоймау керек. Көзге көрінетін көктамырлардың, ісінудің немесе ауырсынудың себептері әртүрлі болуы мүмкін, жай-күйіңізді тек маман ғана бағалай алады.

Әдетте қандай шаралар қабылдау маңызды:

  • Флебологқа қаралу керек.
  • Симптомдарды сипаттау керек: қашан пайда болады, не күшейтеді, не жеңілдетеді.
  • Маман ұсынса, диагностикадан өту керек.
  • Кеңес алмай емдеуді бастамау керек.
  • Көктамырлардың сатысы мен жай-күйін ескере отырып, ықтимал тактиканы талқылау керек.

Қажет болса, дәрігер өмір салтын өзгертуді, компрессиялық бұйымдарды, дәрілік препараттарды немесе басқа әдістерді ұсынуы мүмкін. Нұсқалардың толық талдауы «Варикозды емдеу» бетінде көрсетілген.

Симптомдар болған жағдайда емдеу мәселелері бойынша дәрігермен кеңесу қажет

Варикоз неліктен қайта пайда болуы мүмкін?

Қауіп факторлары емдеуден кейін де сақталуы мүмкін: тұқым қуалаушылық, көктамыр жүйесінің ерекшеліктері, ұзақ уақыт статикалық жүктеме түсуі, артық салмақ, жүктілік немесе аз қимылды өмір салты. Бұрынғы мәселе әрдайым сол жерде «қайта пайда бола» бермейді. Кейде басқа көктамырлар өзгеріске ұшырайды. Сондықтан варикоздан кейін аяққа ерекше көңіл бөлу қажет: маманның бақылауында болу және емдеуден кейінгі ұсынымдарды орындау маңызды.

Дәрігерге қашан жүгіну қажет?

Мына жағдайларда қабылдауға жазылыңыз:

  • Көзге көрінетін кеңейген көктамырлар пайда болды.
  • Аяқта ауырлық, ауырсыну, керілу сезімі немесе шаршау бар.
  • Ісіну пайда болады.
  • Симптомдар кешке қарай күшейеді.
  • Теріде өзгерістер пайда болды.
  • Аяқтың құрысуы мазалайды.
  • Жүктілік кезінде веналық симптомдар пайда болды.
  • Симптомдар сақталады немесе үдейді.

Варикоздың сатысын анықтап, тиісті емдеу тактикасын тек маман ғана таңдай алады.

Флебоскор Тесті*

*P. Blanchemaison. L’evaluation du risque de maladie veineuse par le Phléboscore.
Phlebologie 2006, 59, №1, 85-92

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарапайым тілмен айтқанда, тамырлардың варикозы дегеніміз не?

Бұл — тамыр қабырғалары әлсіреп, созылатын, ал қанның жүрекке қарай қозғалысы бұзылатын көктамыр ауруы. Аяқта қанның іркілуінен көктамырлар кеңейіп, ирелеңдейді, томпайып, тері астынан көріне бастайды.

Аяқтағы көктамырлардың варикозы неліктен пайда болады?

Көбіне ауру веналық қанның ағып шығуының және веналық қақпақшалар жұмысының бұзылуымен байланысты. Тұқым қуалаушылық, артық салмақ, жүктілік, ұзақ уақыт тұру немесе отыру, аз қимылды өмір салты және жасқа байланысты өзгерістер қауіпті арттырады.

Аяқтағы варикоздың қандай сатылары болады?

Айқын клиникалық 6 саты ажыратылады, оларды дәрігер қарап-тексеруден және диагностикадан кейін анықтайды.

Варикоздың бірінші сатысы қалай көрінеді?

Варикоздың бастапқы сатысында кейбір адамдарда тамырлық торлар байқалса, басқаларында айқын сыртқы өзгерістерсіз аздап кеңейген көктамырлар, аяқтың ауырлығы немесе шаршауы байқалады.

Емдеуден кейін аяқтағы варикоз неліктен қайта пайда болады?

Көктамыр жүйесіне әсер ететін факторлар сақталса, қауіп те сақталады: тұқым қуалаушылық, артық салмақ, статикалық жүктемелер, жүктілік, аз қимылды өмір салты.

Ерлерде варикоз болады ма?

Иә, бұл ауру ерлерде де кездеседі, бірақ әйелдерге қарағанда сирек.

Детралекс® варикоз кезінде көмектеседі ме?

Иә, препарат созылмалы көктамыр ауруларының симптомдарын, соның ішінде аяқтың ауырсынуын, ауырлығын, керілу сезімін, шаршауын, құрысуын және ісінуін басу және жеңілдету үшін қолданылады. Толығырақ мәлімет «Детралекс® препаратын қашан қабылдау керек» бетінде берілген.

Сайттағы ақпарат дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, маманнан кеңес алыңыз.