Детралекс® қашан қолданылады

Препараттың әсері веналар мен капиллярлардың саулығын қолдауға бағытталған. Препарат мынадай жағдайларда тағайындалады:

  1. Веналық-лимфалық жеткіліксіздік симптомдарын емдеу:
    • ауыру;
    • аяқтардың құрысуы;
    • аяқтағы ауырлық және тысыраю сезімі;
    • аяқтардың «шаршауы».
  2. Веналық-лимфалық жеткіліксіздік көріністерін емдеу:
    • аяқтардың ісінуі;
    • тері мен теріасты шелінің трофикалық өзгерістері;
    • аяқтағы веналық трофикалық ойық жаралар.
  3. Жедел және созылмалы геморройдың симптоматикалық емделуі.

Созылмалы веналық ауруларды емдеу жөніндегі халықаралық ұсынымдарда Детралекс® препаратының әсер етуші заты веноактивті препараттардың арасынан ерекшеленеді және созылмалы веналық аурулардың симптомдарын емдеудің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Детралекс® қандай әсер береді?

Организмдегі қан шеңбері бойымен қозғалады. Егер гравитацияның арқасында төменге жеңіл жылжитын болса, онда кері қайтқанда, организм күш жұмсауы керек.

Бұл үшін біздің веналарымызда қанның кері ағуына жол бермейтін, оның төменнен жоғары қарай жылжуына көмектесетін арнайы қақпақшалар бар. Қан айналымы үдерісінде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы да маңызды. Бұлшықеттердің жүйелі түрде жиырылып-босаңсуы да қанды ілгері жылжытуға көмектеседі.

Ұзақ уақыт бойы тік тұру немесе отыру салдарынан аяқ бұлшықеттері жұмыс істемейді. Қан төменнен жоғары қарай ілгері жылжымайды — қан іркіледі. Қанның жиналуы веналардағы қысымның жоғарылауына әкеліп, қабынуды туындатады және созылмалы вена ауруларының дамуына ықпал етеді.

Детралекс® вена жүйесіне түсетін жүктемені жақсырақ көтеруге көмектеседі:

  • қан тамырларының қанды жүрекке қарай жылжытуға тиімдірек қатысуы үшін веналардың тонусын арттырады;
  • қан қысымының әсерінен веналық қабырғалардың шамадан тыс кеңеюін болдырмау үшін веналардың созылғыштығын азайтады;
  • қан тезірек ағып, веналық жүйеде іркіліп қалмауы үшін веналық іркілісті азайтады;
  • капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, сонда қанның сұйық бөлігі қоршаған тіндерге азырақ шығады;
  • ұсақ қан тамырларының жүктемені жақсырақ көтере алуы үшін капиллярлардың төзімділігін арттырады.

Дәрілік препараттың әсері қалыпты веналық қан ағуына жауап беретін қан тамырларының жұмысын қолдауға бағытталған.

Детралекс® препаратының емдік әсері

Детралекс® вена тонусын көтеретін және ангиопротекторлық препарат болып табылады. Препарат вена жүйесінің екі буынына: веналар мен капиллярларға әсер етеді.

Препарат веналардың созылғыштығы мен веналық іркілісті азайтады, сондай-ақ капиллярлардың өткізгіштігін төмендетіп, ісінудің алдын алады.

Ангиопротекторлық әсер дәрілік заттардың қан тамырларының қабырғаларын қорғап, нығайту, сондай-ақ қан микроайналымын жақсарту қабілетін білдіреді.

Әсер ету механизмін тереңірек түсінгіңіз келсе, «Детралекс® қалай әсер етеді» бетіне өтіңіз.

Детралекс® қандай симптомдар кезінде қолданылуы мүмкін?

Детралекс® ересектерде созылмалы вена ауруларының симптомдары кезінде және жедел әрі созылмалы геморройды симптоматикалық емдеу үшін қолданылады. Әртүрлі жағдайларды шатастырмау үшін төменде оларды жеке-жеке қарастырамыз.

Детралекс® веналар тарапындағы симптомдарда

Созылмалы вена ауруларының симптомдары, көбінесе, біртіндеп дамиды. Алғашында адам жағымсыз сезімдерді шаршаумен, ыстық ауа райымен, ұзақ уақыт тік тұрумен немесе отырып жұмыс істеумен байланыстыруы мүмкін. Алайда жайсыздық қайталанатын болса, күннің соңына қарай күшейсе немесе күш түскеннен кейін қайта пайда болса, бұл веналардың жағдайына мұқият көңіл бөлуге себеп.

Детралекс® аяқ веналары жағында байқалатын мынадай симптомдар мен көріністерде қолданылуы мүмкін:

  • Аяқтың сыздап немесе керіп ауыруы — ұзақ уақыт бойы тік тұрғаннан немесе отырғаннан кейін күшейе түседі.
  • Аяқтардың құрысуы — көбіне түнде балтыр бұлшықеттерінде пайда болып, толыққанды ұйқыға кедергі келтіреді.
  • Аяқтағы ауырлық пен тысыраю сезімі — әсіресе кешке қарай күшейетін, көпшілікке таныс аяқтың «дуылдау» сезімі.
  • Аяқтың шаршауы — жүрген кезде тез шаршау, отырып демалуға немесе аяқты көтеруге деген қажеттілік.
  • Аяқтардың ісінулері — тобық пен сирақтың көзге көрінетін домбығуы, бұл түнгі демалыстан кейін азаюы мүмкін.
  • Тері мен теріасты шеліндегі трофикалық өзгерістер — ұзақ уақыт бойы сақталған веналық іркіліс салдарынан сирақ терісінің қараюы, тығыздалуы, құрғауы.
  • Аяқтағы веналық трофикалық ойық жаралар — созылмалы веналық жеткіліксіздіктің ауыр түрлерінде пайда болатын, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар (кешенді ем құрамында қолданылады).

Егер симптомдар қайталанса, күш түскеннен кейін күшейсе немесе ұзақ уақыт бойы сақталса, маманға қаралуды кейінге қалдырмаңыз. Дәрігер диагностика жүргізіп, Детралекс® препаратының емдеу жоспарыңызға кіретін-кірмейтінін анықтайды.

Бұл туралы толық ақпаратты «Варикоз» бетінен таба аласыз.

Детралекс® геморрой симптомдарында

Препарат келесі көріністерді жеңілдетуге көмектеседі:

  • Аноректальды аумақтағы жайсыздық — ішектің толық босамау сезімі, бөгде дене сезімі.
  • Қышу мен дызылдау — көбіне нәжіс шығарудан кейін күшейетін қабынған геморрой түйіндерінің серіктері.
  • Ауыру — әсіресе, жедел геморрой кезінде, жеңіл ауырсынудан айқын ауыру синдромына дейін.
  • Геморрой түйіндерінің ісінуі — түйіндердің ұлғаюы, олардың анальды өзектен сыртқа түсуі.
  • Қан кету — дәретхана қағазында, іш киімде немесе нәжісте алқызыл қанның пайда болуы.

Мәселенің нәзіктігіне байланысты Қазақстанда адамдар дәрігерге жүгінуді кейінге қалдырады, бірақ шағымдар сақталған немесе күшейген жағдайда маманның кеңесін алу маңызды.

Ауру және оны емдеу тәсілдері туралы толығырақ «Геморрой» бөлімінен оқыңыз.

Детралекс® 1000 мг препаратын мөлшерлеу

Вена ауруларын емдеуге арналған Детралекс® препаратының стандартты дозасы тәулігіне 1000 мг құрайды. Бұл дозаны әрқайсысы 500 мг-нан екі таблетка түрінде, екі рет — таңертең және кешке тамақтану кезінде немесе бір рет 1000 мг-нан қабылдауға болады. 1000 мг препараттың 1 таблеткасы 500 мг-нан 2 таблетка сияқты әсер етеді.

Препаратты қабылдау ерекшеліктерін «Қолдану жөніндегі нұсқаулық» бетінен нақтылауға болады.

Әйелдер мен ерлерге арналған Детралекс®: қолдануда айырмашылық бар ма?

Өздігінен жыныс Детралекс® тағайындауды анықтамайды: шешім препаратты қолдану көрсеткіштеріне, шағымдардың ауырлығына, қатар жүретін жағдайларға және маманның ұсынымдарына байланысты қабылданады. Ерекше назар тек жүктілік және бала емізу кезеңдеріне аударылады. Сондай-ақ жасқа байланысты шектеулерді ескеру қажет: Детралекс® препаратын балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Дәрігерге қашан жүгіну қажет?

Симптомдар қосымша бағалауды қажет ететін жағдайларда дәрігерге жүгіну қажет. Бұл ерекше маңызды:

  • аяқта ауырлық пен ауыру күшейгенде, әсіресе, кешке қарай немесе ұзақ уақыт бойы тік тұрғаннан кейін;
  • ісінулер күн соңына қарай күшейіп, түнгі тынығудан кейін басылғанда немесе тұрақты сипат алған кезде;
  • егер сізде түнгі құрысулар болса;
  • көзге көрінетін веналар — тамырлы жұлдызшалар, торлар, сондай-ақ білеуленіп тұрған веналар пайда болғанда;
  • теріде өзгерістер туындағанда — құрғақтық, қышу, ашып ауыру, пигментация (терінің қараюы), сондай-ақ аяқта тысыраю сезіну;
  • нәжіс шығару кезінде қан кету, анус аймағында ауыру, ашып ауыру немесе жайсыздық пайда болғанда.

Тіпті, симптомдар елеусіз шамада болса да, егер сіз қауіп тобында болсаңыз (тұқым қуалаушылық, артық дене салмағы, аз қимылдайтын өмір салты, ұзақ уақыт бойы тік тұру немесе отыру), жылына бір рет флебологта профилактикалық тексеруден өту ұсынылады. Дәрігерге дер кезінде жүгіну ауруды ерте кезеңде анықтауға және оның өршуінің, трофикалық жаралар немесе тромбоз сияқты асқынулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрігердің кеңесінсіз Детралекс® қабылдауға болады ма?

Қолданар алдында, әсіресе, симптомдар айқын, жаңадан пайда болған немесе сақталып тұрған жағдайда, дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесу ұсынылады.

Детралекс® препаратын қалай қабылдайтынын қайдан көруге болады?

Әрбір көрсетілім бойынша қабылдау схемалары «Қолдану жөніндегі нұсқаулық» бетінде жинақталған.

Детралекс® 1000 мг басқа мөлшерлеуден несімен ерекшеленеді?

1000 мг препаратының бір таблеткасының құрамында екі 500 мг таблетканың құрамындағыдай әсер етуші зат бар және дәл сондай әсер етеді.

Балаларға Детралекс® препаратын қабылдауға болады ма?

Жоқ. 18 жасқа толмаған пациенттерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Жүктілікте және емізу кезінде Детралекс® препаратын қабылдауға болады ма?

Сақтық мақсатында жүктілік кезінде препаратты қабылдауға болмайды, ал ем кезінде бала емізу ұсынылмайды. Шешімді дәрігер қабылдайды.

Егер емдеу курсынан кейін симптомдар басылмаса, не істеу керек?

Дәрігерге жүгіну қажет. Маман жағдайды бағалап, одан әрі емдеу әдісін таңдайды.

Детралекс® препаратын қаншалықты ұзақ қабылдауға болады?

Курс ұзақтығын дәрігер анықтайды. Емдеу курсы 12 айға дейін созылуы мүмкін.

Сайттағы ақпарат дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, маманнан кеңес алыңыз.